$ 495.2  522.34  4.94

«Сен жоқта тас-талқанмын»: Заттыбек Көпбосынұлы жұбайын туған күнімен құттықтады

Сені маған жолықтырған жаратқанға мың алғыс. 

Фото: Дзен
Фото: Дзен

Танымал хит әндердің орындаушысы, әнші Заттыбек Көпбосынұлы жарының туған күніне арнап, жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі ел алдында жарын еркелетіп, ақжарма тілегін жаудырды. 

“Туған күніңмен!
Сен барда асқар таумын,
Сен жоқта тас-талқанмын.
Сәні мен дәмі бөлек
Сен жайған дастарханның
Мың мадақ жаратқанға
Бағалы бақытымсың
Бақыттан бас тартады кім
Мың мадақ жаратқанға. Өлеңді ақын Қалқаман Сарин жарына арнаған. Мен осы өлеңді ән қылып өзіңе арнадым. Сені маған жолықтырған жаратқанға мың алғыс. Бірге көретін жақсылығымыз көп болсын. Алланың бізге сый еткен балапандарымыздың қанатын қатайтып көкке самғап биікке өрлегенін көрсетсін!”, – деді әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары