Сені маған жолықтырған жаратқанға мың алғыс.
Танымал хит әндердің орындаушысы, әнші Заттыбек Көпбосынұлы жарының туған күніне арнап, жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі ел алдында жарын еркелетіп, ақжарма тілегін жаудырды.
“Туған күніңмен! Сен барда асқар таумын, Сен жоқта тас-талқанмын. Сәні мен дәмі бөлек Сен жайған дастарханның Мың мадақ жаратқанға Бағалы бақытымсың Бақыттан бас тартады кім Мың мадақ жаратқанға. Өлеңді ақын Қалқаман Сарин жарына арнаған. Мен осы өлеңді ән қылып өзіңе арнадым. Сені маған жолықтырған жаратқанға мың алғыс. Бірге көретін жақсылығымыз көп болсын. Алланың бізге сый еткен балапандарымыздың қанатын қатайтып көкке самғап биікке өрлегенін көрсетсін!”, – деді әнші.