$ 494.87  520.65  4.91

«Ол шок болып қалды»: Зарина Омарова күйеуінің қызғаншақ екенін айтты

Түсірілім алаңындағы режиссерге тұтқаны беруімді сұрады. Мені ұятқа қалдырмауын өтіндім. 

Фото: Instagram/Zarina_Omarova_official
Фото: Instagram/Zarina_Omarova_official

Танымал әнші Зарина Омарова 8 жыл үйде отырып қалғанын, сахнаға оралған соң, күйеуі өзін қатты қызғана бастағанын айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

 Шоу-бизнес өкілі қазіргі кезде күйеуі қоңырау шалғанда бірден жауап беруге тырысады екен.

"Қазір тіпті қатты қызғанады. Тұтқаны көтермесем, бітті. "Қасыңда кім бар? Қасыңда не бар?" деген сұрақтар кететін. Менімен сөйлеспей қоятын. 95 келі болғанымда ол үшін бәрі жайлы болды. Ол кезде қызғанбады, мен үйде болдым ғой. Сахнаға оралған соң қызғаныш деген басталды. "Хабар" арнасының бір сериалына түстім. Түсірілім кезінде телефоныма қоңырау түсті. Жолдасым ашулы екен. "Үйде тамақ істелінбеген, керек емес сериалың да, басқасы да, не болып кетті мына үй?" деп айтты. Мен барынша түсіндіруге тырыстым. Бірақ түсінгісі келмеді. Түсірілім алаңындағы режиссерге тұтқаны беруімді сұрады. Мені ұятқа қалдырмауын өтіндім. "Онда тұрған не бар? Мен сенің күйеуіңмін. Не деген бітпейтін түсірілімдер? Қашанға дейін болатынын сұраймын" деді. Режиссермен сөйлесті. Ол жолдасыма бәрін түсіндірді. Бірақ шок болып қалды. Режиссерге жолдасымның қызғанышы бар екенін айттым", - деді Омарова "Мамский әңгіме" подкастында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары