02.11.2024, 19:30

Әр екінші еркек — абьюзер – Фариза Ескермес (ВИДЕО)

©instagram.com/stories/fariza_yeskermes

Қазір діндарлар 3-4 әйел алуға болады деп айтады. 

Өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққан танымал актриса Фариза Ескермес журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында еркектер туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Әр екінші еркек қызғаншақ, абьюзер. Рас па? Рас! Әйелдері де, қыздары да көздері жаутаңдап, анда барса анда, мында барса мында, өзінің пікірі жоқ, не істерлерін білмей жүреді. Ондай қыздар өте көп. Сенімділік жоқ. Ондай өте көп. Қазір діндарлар 3-4 әйел алуға болады деп айтады. Екінші әйел алу қалыпты нәрсе дейді. Дұрыс емес. Әйеліңді сүй, соны дәлелде. Екінші әйел алу оңай. Ал бір әйелмен соңына дейін болу — қиын», — деді әнші.