Бұл туралы Дархан Жолшыбеков өзінің Instagram парақшасында жариялады.
Қазақстандық танымал блогер некесіз туған қызымен кездесіп, қызының анасына көлік мен Астанадан екі бөлмелі пәтер сыйлады. Бұл туралы Дархан Жолшыбеков өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұған дейін қыздың анасы "Көреміз" бағдарламасына келіп, қызының сырқаты бар екенін, ал әкесі небәрі 15 мың теңге алимент төлейтінін айтқан еді.
Ал бүгін, бағдарлама жұргізушісі, журналист Рустан Өтепбай Айдана мен Айшаға біз екі бағдарлама арнағанын, бүгінгі жаңалыққа қуанышты екенін жеткізді.
«Белгілі блогер Дархан Жолшыбеков төрт жылдан кейін, өзінің тұңғыш қызы Айшамен кездесіпті. Айдана мен Айшаға біз екі бағдарлама арнадық. Екі бірдей бағдарламада төбе көрсетпеген блогер бір жылдан кейін ес жинап Айшаға барған екен. Эфирде айтқанымдай, блогер қызының жағдайын жасап, ем-домына қаржылай көмектесіп, алименттің ақшасын арттырса болғаны. Айдана мен төрт жасар Айшаға бақытты, баянды өмір тілейміз. ...Біздің еңбек еш кетпеді! Дархан Жолшыбеков қызының анасына қомақты қаражат, жаңа автокөлік пен баспананың кілтін сыйлады», - деп жазды журналист.