04.11.2024, 18:20

«Грим де, фотошоп та көмектеспеді»: Балжан Бидаш бір жыл бұрын қандай күйде болғанын көрсетті (ФОТО)

Фото: instagram.com/bidash_official

Бұл кез өнер иесіне аса ауыр тиіп, әр күнді жылаумен өткізгенін айтты.

Балжан Бидаш өмірінде болған жағдайлардан кейін бет терісінің бұзылып кеткенін айтты. Сахнада жарқырап жүрген жұлдыз бетіне безеу қаптап, ел алдына шыққысы келмей қалғанын ашық айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл кез өнер иесіне аса ауыр тиіп, әр күнді жылаумен өткізгенін айтты.

"Бұл жағдайды бір жыл бұрын сіздерден жасырып қалдым. Грим де, фотошоп та көмектеспеді. Суреттерде бұл бер жағы ғана. Күн сайын көбейе берді. Күнде жылайтынмын. Сол Балжанды қатты құшақтағым келеді. Ешкімнің басына бермесін. Кез келген адамға соққы болары сөзсіз. Көзімде нұр жоқ. Бәрі бетіңді неге шашыңмен жауып аласың" деген сөздер де ауыр тиді", - деп жазды Балжан Бидаш Instagram-дағы парақшасында. 

Скриншот: Instagram/bidash_official