05.11.2024, 04:30

«Оңбағандар, мені алдап кетті»: Уәлибек Әбдірайымов «құлдардың атаманы» болғанын айтты

Фото: видеодан алынды

"Былапыт сөздер, орысша сөздер жоқ па?" деп сұрадым. 

Әйгілі "Шаншар" әзіл-ысқақ театрының негізін қалаушы әрі әзілкеш Уәлибек Әбдірайымов толық метрлі фильмге түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ал актер Қайрат Әділгерей "Кеттік бәрін таста" фильміне Уәлибек Әбдірайымовты көндіру үшін барынша тырысқан.

"Уәлибек Әбдірайымов бізде әзілдің атасы ғой. Кастинг директор бізге қалай болса да Уәлибек Әбдірайымовты осы киноға шақыру керек екенін айтады. Бұл оңай іс болған жоқ. Бұл кісі бұған дейін қаншама кинодан бас тартты. Қалай келіскенімізді айтпай-ақ қояйын. Оны көндіру үшін барымызды салдық. Ағамыз сөзімізді жерге тастамады. Әлі күнге дейін рақмет айтамын", - деді актер.

Уәлибек Әбдірайымов та алғаш түскен фильміне қатысты ойын ашық айтты.  

"Сценарий ұнады. Маған "құлдардың атаманы боласыз" деді. "Былапыт сөздер, орысша сөздер жоқ па?" деп сұрадым. Маған "ондай болмайды" деді. Сосын келістім. Бірақ мен түскен жерлерде ғана болмапты ондай сөздер. Оңбағандар, мені алдап кетті. Мен бұл киноға бір сөз айтуға ғана бардым. "Шаншарда" хит болған сөзіме бола түсіріпті ғой. Бір сөз үшін ғана түсірді", - деді әзілкеш "Қызық Times" бағдарламасында.