$ 492.22  529.38  5.03

«Бес-ақ адам келді»: Тамара Асар тойына неге аз адам шақырғанын айтты

Тіл-көзден, кесе-көлденеңнен аман болсын отбасымыз. Шүкір!

Фото: instagram.com/tamara_assar_official/
Фото: instagram.com/tamara_assar_official/

Танымал әнші Тамара Асар тойы 5 адаммен, құдалығы 6 адаммен өткенін есіне алды. Әнші жеке өміріне қатысты сұрақтардың жауабын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, қауесет сөздерге нүкте қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Жүрекжарды шынайы әңгімені шымшытырыққа айналдырып, хит болатынын қиып алып, нән әріптермен тақырыпты бетіне жазып, ол түрлі-түсті комменттермен гүлденіп, қаралым күшейіп, қисық переводтармен, қиқар сайттар өзара алып қашқанда ғана "Рейтинг" ризашылығына ие болары анық. Контент пен рейтинг қазір кейіпкерден маңызды! Осының арқасында әнімді де, сәнімді де, мені мүлдем танымайтын жандар маған оқырман болып, инста-парақшама жазылып, тик-токтан мені іздеп, маған қызығушылық танытып жатқандар: Қош келдіңіздер", - деп жазды ол отбасымен түскен суретін жариялап. 

Әншінің әлеуметтік желіде мұндай жазба жариялауына түрлі ақылға қонымсыз әңгімелер себеп болыпты. 

"Жеті күнде "Той үстінде тәтті күндер" деп айқай той жасап, үйленіпті-мыс" деп таңғалып, "мүмкін емес, өтірік, фантазиясы мықты екен, аяғым жоқ, аяғым жұлынғанда пакетке салып, машинаның артына лақтырып жібердім" деп соғып, өтірік айтып, қуып еді, енді былай деп шықты" деген сыртымнан негатив сын әңгімені снарядтың оғындай жаудыртып жатқандар үшін: Иә, бәрі мүмкін, бәрі рас! Шүкір", - деп жауап берді Тамара Асар. 

Ал тойының үлкен көлемде атап өтілмеуіне пандемия және әкесінің қазасы себеп болыпты. 

"Танысар сәтте "қандай әдемі әйел, мына әйелге мен үйленем" деп айтып қалған сөзінің соңынан жеті күнде келіп, неке сақинасын салып тұрып, ұлым Қамбарға офлайн, яғни қасымда отырып, әкем тірі кезі еді, оған онлайн видеозвонокпен шығып, "Біз үйленіп жатырмыз" деді. Әкем рұқсатын берді. Сосын әкем көп ұзамай қайтыс болды. Үн шығармай күтуге тура келді. Пандемия басталып кетті. Сосын жар салып, жария қылмадық. Анамның талабы солай болды. Некеміз Ақшұқырда әкемнің шаңырағында қиылды. Менің туыстарым да, оның туыстары да, бірге жанында жүрген дос-жұмыстастары да бұл жайында білмеді. Тойымыз 5 адаммен, құдалығымыз 6 адаммен өтті. Тіл-көзден, кесе-көлденеңнен аман болсын отбасымыз. Шүкір. Бапасы жарады", - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары