$ 494.87  520.65  4.91

«59 мыңға жаныма орын сатып алдым»: Мақпал Жүнісова домбырасын ұшақ бортына тағы кіргізе алмағанын айтты

Өнер иесі мемлекет басшысына үндеу жасады. 

Фото: жеке парақшасынан
Фото: жеке парақшасынан

ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісова ұшақта домбырасы үшін жеке орын сатып алуға мәжбүрлеген әуе компаниясына ренжіді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі мемлекет басшысына үндеу жасады. 

“Құрметті, Қасым-Жомарт аға Тоқаев! Аэропортты сатсаңыздар сатқан боларсыздар, бірақ қазақтың домбырасын сонша қорлауға жол бермеңіз! Мүмкін сіз хабардар емес шығарсыз, біздің өтінішімізге құлақ асыңыз! Жүк салғышқа өткіз дейді. Ана жолы Тоқтар Серіктің домбырасын сындырған. Сол кезде де ешкім жауап берген жоқ. 59 мыңға қасымнан орын алып, бортқа домбырамды кіргіздім. Абай жеріне келіп алып, ұлттық аспапты қорлауға тап болдық. Семейдің әкімін танымаймын, бір ауыз сөз айтайын деп ойлаған едім”, – деп жазды халық әртісі.

Еске салайық, әнші наурыз айында Қостанайға гастролддік сапар кезінде домбырасын жеке көлікпен жібермекші болып еді. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары