07.11.2024, 02:30

«Қырттардан қырт фильм туады»: Журналист Қайрат Әділгерей мен Қанат Әлжаппаровтың жаңа туындысын сынады

Фото: Фото: kino.kz

"Ақшаңды аямасаң да өзіңді аяп бұл киноға бармай-ақ қойыңыздар".

Танымал журналист Диас Нұрақын Қайрат Әділгерей мен Қанат Әлжаппаровтың «Кеттік, бәрін таста» фильмін қатаң сынға алды. Ол көпшілікке бұл киноға бармауға кеңес берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Faceebok парақшасында мәлімдеді.

Күйбең тірлік бітпейді, кеттік бәрін таста деп келіншегімді ертіп киноға бардық бүгін. Енді алтын уақытымды, билетке төлеген 5400 теңгемді ойлап ішім ашып отыр. Жарнамасы жер жарған “Кеттік, бәрін таста” деген кино нағыз қырт екен. Қайрат Әділгерей мен Қанат Әлжаппаровтан шедевр күтіп жүрген мен де жынды. Ерлан Біләл мен Шаншардағы Уәлибек көкем де кредиттерін төлей алмай қиналып жүрген сияқты. Әйтпесе мән-мағынасы, езу тартар тұсы тіпті мазмұны жоқ мұндай киноға түспес еді. “Жай ша жүрсіңдер ме, шай ішесіңдер ме?”, — деген қырық жылғы қыртымбай әңгімелерін әлі айтып жүр. Бұл фильмнен рухани азық аламын, ішкі мәдениетімді көтерейін деп жүрген мен жоқ. Жай әшейін жеңіл әзіл көріп, қазақы қалжың естіп, ми тынықтырайын дегем. Бірақ бәрін тастап, боғым қайнап осы постты жазуға тура келіп тұр. Қысқасы, қырттардан қырт фильм туады, қырттың жолын қырт қуады екен. Ақшаңды аямасаң да өзіңді аяп бұл киноға бармай-ақ қойыңыздар. “Базар жоқтың” деңгейінен әрі аспаған әртіссымақтардың фильмінен “Не шутите с Зоханом” деген кино әлдеқайда қызық, — деп жазды ол.