07.11.2024, 12:00

«Шашы ұйпа-тұйпа болған әйел»: Динара Сәтжан толық адамдардың не туралы жазатынын айтты

Фото: instagram.com/dinarasatzhan

Шашы әдемі әрленген әйелдің «тупой журналист» деп пікір жазатынына сенбеймін.

Тележурналист Динара Сәтжан өзін тек «толық адамдар» ғана сынайтынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Маған жағымсыз пікір білдіретін әйелдерді қалай елестетемін…

Шашы ұйпа-тұйпа болған әйел. Шашы әдемі әрленген әйелдің «тупой журналист» деп пікір жазатынына сенбеймін.

Міндетті түрде, артық салмақ. Онсыз болмайды. Не десеңдер де артық салмағы жоқ, әдемі әйелдің әлеуметтік желіде жағымсыз пікір білдіретініне сенбеймін. Әрі үйі жайлы, тыныштықта отырған әйелдің жағымсыз пікір қалдыруы мүмкін емес», — деп жазды Динара Сәтжан Facebook-тегі парақшасында.