Дина Төлепберген Мөлдір Әуелбековамен келіспей қалды.
Тележүргізуші Дина Төлепберген «Астарлы ақиқат» студиясында Мөлдір Әуелбековамен сөзге келіп қалды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Астарлы ақиқат» студиясында әнші Мөлдір Әуелбеова Дина Төлепбергеннің қойған сұрақтарына жауап беруден бас тартқан. Әншінің сөзінше, Дина Төлепберген сұрақтар жайлы алдын ала келісіп алуы керек еді. Бұл бейнені журналист әлеуметтік желідегі парақшасында бағдарламаның анонсы ретінде жариялады.
Айта кетейік, мұндай анонсты әнші мен тележүргізушінің көрермен тарту үшін әдейі түсірген болуы да мүмкін.
«Динаның бұл әрекеті дұрыс емес», «Әдейі интрига үшін жасалынған», «Арзан хайп па?», - деді желі қолданушылары бейненің астындағы комментарияға.