$ 494.87  520.65  4.91

«Мені жек көріп кеткендей»: Жазира Байырбекова кімнен көңілі қалғанын айтты (ВИДЕО)

Өнер иесі көпшілікті өзін қатты сөкпеуін сұрады. 

Фото: @zhazira_bairbekova
Фото: @zhazira_bairbekova

Талантты әнші Жазира Байырбекова негатив жазатын оқырмандарына үндеу жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әнші жағымсыз пікірлерді оқып, халық өзін жек көріп кетті деп ойлап қалған. Өнер иесі көпшілікті өзін қатты сөкпеуін сұрады. 

"Әріптестеріммен түскен видеоларыма "Жазираны жек көремін. Жазираны көргім келмейді" деген пікірлерді көріп қалдым. Кәдімгідей көңіл күйім түсті. Бұрын маған әріптестерім қызығатын. "Осы саған ешкім жағымсыз пікір жазбайды, бәрі сені жақсы көреді" деп айтатын. Мен соған сеніп жүре бергенмін. Жақсы көріну үшін еш нәрсе жасаған жоқпын. Бірақ кеше желіні ақтарып, халық мені жек көріп кеткендей сезімде болдым”, – деп бастады әңгімесін әнші. 

Негатив пікірдің көптігінен өнер иесі өзіне сын көзбен қарауды үйреніп жүргенін жасырмады. 

“Бірақ мен ойландым. Мен халыққа пайдалы еш нәрсе жасамай жатқан шығармын. Бұл мені қамшылау шығар деп ойладым. Сіздердің сөздеріңіз, жағымсыз пікірлеріңіз, мақтауларыңыз, құрметтеріңіз барлығы менің жүрегіме, көңіліме әсер етеді. Сынасаңыздар, ұрыссаңыздар мен ойлана бастаймын. Қай жерден қате жібердім, нені дұрыс істемей жатырмын? деп айланамын. Кеше кішкене көңіл күйім түсті. Маған не істесеңіздер де, қатты ұрыспаңыздаршы", –деп жан сырын ақтарды эстрада жұлдызы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 42
Ұнамайды 4
Күлкілі 1
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары