$ 494.87  520.65  4.91

«Басқа әйелді сүйгенде тұрған ештеңе жоқ»: Дильназ Ахмадиева экс-күйеуіне қатысты сұраққа жауап берді

Шоу-бизнес жұлдызы жаңа клипіне неге дәл бұрынғы жолдасын таңдағанын түсіндірді. 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Танымал әнші Дильназ Ахмадиева жеке өміріне қатысты сұраққа нүкте қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Дильназ Ахмадиева бұрынғы күйеуі туралы Revue News бағдарламасында айтты. Шоу-бизнес жұлдызы жаңа клипіне неге дәл бұрынғы жолдасын таңдағанын түсіндірді. 

“Көрермен соны дұрыс түсінбей, бізді қайта қосылды деп ойлап қалды. Кейін қайтадан айырылысып кетті деп ойлады. Бірақ шын мәнінде ондай ештеңе болған жоқ. Мен бар болғаны бұрынғы жолдасымды бейнебаяныма актер ретінде шақырдым. Ол басқа әйелді сүйіп жатқанында тұрған ештеңе жоқ. Біріншіден, ол – бұрынғы күйеуім, екіншіден ол – актер. Оған бәріне рұқсат болып тұр. Қызғанған жоқпын. Мен керісінше оларға дұрыс сүйісуді үйреттім", –деді әнші. 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 5
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары