$ 494.87  520.65  4.91

«Күйеуім екеуміз бос қалдық»: Ерке Есмахан көпшіліктен ақыл сұрады

Қарап тұрсақ, кеше ғана не істерін білмей жүрген кей адамдар дұрыс психолог маманның қолына түсіп, сабағын оқып, дамып, миллионер боп кетіп жатыр. 

Фото: Instagram/erke_esmahan
Фото: Instagram/erke_esmahan

Ерке Есмахан қазіргі кезде не істерін білмей жүр. Ол тіпті, әлеуметтік желіде тыңдармандарынан ақыл сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жұлдызды жұп Raim мен Ерке Есмахан таяуда Алматы Арена спорт кешенінде концерт берген.

«Альбом шықты, бейнебаяндар шығып, концерт өтті. Енді не істерімізді білмей, күйеуіміз екеуміз бос қалдық. Демалысқа кетіп қалайық десек, алда тур бар. Шопинг жасайық десек, концертке дейін барлығын алып тастағанбыз. Әсіресе, мен. Кино, сериалдан шаршадық. Тек, шүкір, деп жатырмыз. Идея айтыңыздаршы, не істесек болады?», – деп сұрады өнер иесі.

Одан кейін эстрада жұлдызы психологтың арқасында өмірінің дұрысталғанын жасырмады.

«Қазіргі заманда барлығы адамның өз қолында, миында, білімінде дегенге көз жеткізіп жүрміз. Қарап тұрсақ, кеше ғана не істерін білмей жүрген кей адамдар дұрыс психолог маманның қолына түсіп, сабағын оқып, дамып, миллионер боп кетіп жатыр. Бұл жерде басты сөз – «дұрыс психолог». Менің де басымнан сіздер білетіні бар, білмейтіні бар, талай қиын кезең өтті. Сол кезде бірінші боп кеңес сұрап хабарласатын адамым – Айнұр. Миымды бірден орнына қойып, жол сілтейді», – деді Ерке Есмахан Instagram желісіндегі сторисінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 9
Күлкілі 8
Ашулы 10

Серіктес жаңалықтары