$ 498.34  519.72  4.85

«Артық сөйлемеген дұрыс-ау!»: Дариға Бадықова көпшілікке ескерту жасады

Ең құрығанда, баламыздың алдын кесіп сөйлемейік.

 

Фото: Instagram/dariga_badykova
Фото: Instagram/dariga_badykova

Танымал актриса, кинопродюсер Дариға Бадықова оқырмандарын жақсы сөйлеуге шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі айтылған жаман сөздің өзіңе қайтып келетінін еске салды. 

“Бәріміз кезекте тұрмыз! Келесі кімнің кезегі екені белгісіз! Сол үшін артық сөйлемеген дұрыс-ау! Ең құрғанда, баламыздың алдын кесіп сөйлемейік. Тіліңнен көр”, – деп жазды актриса. 

Айта кетейік, Олжас Абай Бадықованың қатал мінезін айтып, сөзді сүйектен өткізетінін жасырмаған еді. Тіпті "адамды жеп қоятын" қасиеті бар екенін жеткізген еді. 

 "Сені көрсем ұрысқым келіп тұрады. Әйелдер сияқты ұрысу емес. Сені көрген кезде бірден салмақты болып, әр сөзімді ойланып айтқым келеді. Сенің әр іс-қимылыңды сканнерден өткізгендей боламын. Сені мақтайтын жерде мақтап, даттайтын жерде даттап ұрысқым келіп кетеді. Ол сенің мен үшін маңызды адам екеніңді білдіреді", – деген болатын Олжас Абай. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары