Басқа сұрақтарға кейінірек жауап беремін.
Әнші Мадина Сәдуақасова өмірінде болып жатқан өзгерістер туралы айтып, жағымды жаңалығын бөлісті. Өнер иесі Америка құрама штаттарына 10 жылға виза алғанын мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол АҚШ елшілігінің алдында тұрған сәтінен желіге видео жариялап, құжатқа ие болу үшін 1 ай бұрын дайындалғанын айтты.
«Достар, бұл екі күннен кейін «визаға рұқсат берілді» деген мөрі бар құжатты алдым деген сөз. Америкаға он жылға виза бар. Бір ай бұрын мені дайындады. Көптеген сұраққа қалай жауап беру керек, қалай сөйлеу керек екенін үйретті. Соның арқасында азғантай уақыт ішінде көп сұрақ қоймай, мөрді басып, паспортымды алып қалды. Енді сол визаны алуға келіп тұрмын. Қазір АҚШ елшілігінің алдына келдік. Кезекте тұрмыз. Бұл визаны не үшін алғанымды кейінірек айтып беремін», - деді Сәдуақасова.