$ 494.87  520.65  4.91

«Байдың қызына сөйлемеңдер»: Төреғалидың қарындасы тағы елді елең еткізді

Күйеудің айлығына қарап, я әке-шеше, ата-анаға ауыз ашып отырған жастар емеспіз. Кішкене диваннан тұрсаң, ақша табудың жолы көп.

Фото: ©instagram.com/tattti_kyz
Фото: ©instagram.com/tattti_kyz

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі желіде ел күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл жолы Дина Төреәлі өзіне орынсыз сұрақтар қоятын оқырмандарына ренжіді.

«Байдың қызына сөйлемеңдер, аузы қисық болса да осы сөйлесін деп жазыпты-мыс. Менің қазіргі өмір сүруіме ешкім дайын нәрсені аузыма әкеліп, салып отырған жоқ. Жасым 21-де болса да, декретте отырсам да әр күнімді тек қалай жақсартсам болады екен деп ойлаймын. Күйеудің айлығына қарап, я әке-шеше, ата-анаға ауыз ашып отырған жастар емеспіз. Кішкене диваннан тұрсаң, ақша табудың жолы көп…

«Нан таппай отырғандар қаншама, ұят емес пе» — сол баяғы мыжылған менталитет. Жұрт не дейді деп өмір сүру әлі қалмапты. Мен Құдайдың рөліне кіріп кететін адамдардың қатарынан емеспін. Біреудің тағдырып, өмірін, жағдайын ойлап немесе аяп талқылайтын мен ешкім емеспін. Құдай аясын. Әркім өз әрекеті, ниетіне қарай, жасаған дұғасына қарай өмір сүретінін по факту қабылдап тастаған адаммын.

Өміріңде бірдеңе дұрыс емес пе? Өзің кінәлісің. Әрекет етсең бәрін өзгерте аласың.

Мынадай ханымдар туралы бастасам, қазір точно байқамай ашуланып кетемін. Өз байлары аздық ете ме екен өздеріне? Біздікілерді аңдып бола алмай отыр. Басқа уайымдары жоқ. Көрінбей кетсе, барып ұстап алайын деп пе едіңдер? Ойларыңның, ниеттеріңнің астарын түсіне алмай-ақ қойдым», — деп жазды блогер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 6
Күлкілі 4
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары