$ 494.87  520.65  4.91

«Миын ағызғаны несі»: Баян Алагөзова оңай сауалдарға жауап бере алмай қалды (ВИДЕО)

Бағдарлама жүргізушісі продюсерге «Немеріңіз Сәттінің қырқынан шығару күні қашан болды?» деген сауал қойды.

Фото: YouTube
Фото: YouTube

Отандық тележобалардың біріне қатысқан продюсер Баян Алагөзова жұртты күлкіге қарық қылды. Ол бағдарлама барысында немересінің туған күнін есіне түсіре алмады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бағдарлама жүргізушісі продюсерге «Немеріңіз Сәттінің қырқынан шығару күні қашан болды?» деген сауал қойды. Ал Баян Мақсатқызы бұл сұраққа нақты жауапты білмегендіктен, жүргізуші оған немересінің туған күніне қырық күн қосып тауып алуды ұсынады. Бірақ бұл ұсыныс та оның дұрыс жауап беруіне көмектеспеді. Продюсер немересінің шілде айына дүниеге келгенін айтқанымен, нақты күнін есіне түсіре алмады. Сөйтіп, сұраққа дұрыс жауап бермеді.

Баян Мақсатқызының бұл видеосы Жібек жолы арнасының желідегі парақшасында жарияланды. Желі қолданушылары продюсердің бұл әрекетін жеңіл қабылдап, күлкіге айналдырды. Кейбірі өздерінде де мұндай жағдайлардың жиі болатынын жазған. Ал кей оқырмандар өзі жақында ғана қызды болған продюсердің «мұндай сұрақтармен миын ашытқаны несі» деп пікір қалдырыпты. Алайда кейін видеоның астында пікір қалдыру шектелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 12
Күлкілі 8
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары