$ 494.87  520.65  4.91

«Ұлымды ертіп жолға шығып кеттім»: Тағы бір өнер жұлдызы шетел асты

Бұл сапардың мен үшін маңызы ерек, жөні бөлек.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Белгілі әнші Қарақат Әбілдина Малайзияда өтетін бизнес-форумда ұлттық құндылықтар жайында баяндама жасайды. Әнші бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Малайзияның Куала-Лумпур қаласына ұлымды ертіп жолға шығып барамын. Бұл сапардың мен үшін маңызы ерек, жөні бөлек. Еліміздің Сыртқы істер министрлігінен Азия елдері қазақтарының кіші құрылтайына қатысу туралы шақырту алған сәтте алдымен таңырқағаным рас. Өйткені бұл жерде мемлекеттік маңызы бар шарада ұлттық құндылықтарымыз жайында баяндама жасауға ұсыныс түсті. Ұлтымыздың дәстүрлі өнерін дәріптеп, халық әндерін эстрадамен ұштастырып, қазақ қызының қос бұрымындай болған өнерім мен өмірім арқылы ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, салт-дәстүрімізді дәріптеп жүрген өнер адамы ретінде және көп балалы ана екенімді ескеріп, маған таңдау түскен екен. Осылай, Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігінің қолдауымен сол елдегі қазақ қауымдастығы және Отандастар Қоры ұйымдастырған шараға шақыртуды қабыл алып, үлкен жауапкершілік алып отырған жайымыз бар. Азия елдеріндегі отандастарымыздың басын қосатын бизнес-форумда мен қазақтың салт-дәстүрін сақтанып жүрген және қазіргі заманға сай атқарып жүрген адам ретінде, ұлттық құндылықтарымыз туралы білгенімізді баяндаймын. Бұл мен үшін тың бастама, жаңа қадам болмақ. Сәттілік тілеп қойыңыздар, жақсы адамдарым!», — деп жазды әнші.

Ал желі қолданушылары Қарақат Әбілдинаға сәттілік тілеп, оның мұндай ұсынысқа әбден лайық екенін жазуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 564
Ұнамайды 58
Күлкілі 23
Ашулы 5

Серіктес жаңалықтары