$ 494.87  520.65  4.91

«Қысым көп болды»: Мөлдір Әуелбекова сәтсіз некесі туралы ашып айтты

Қыздарға "бақытты боламын десеңіздер, жар таңдаудан қателеспеңіздер" деп айтқым келеді.

Әнші Мөлдір Әуелбекова тележүргізуші, журналист Дина Төлепбергенге берген сұхбатында жар таңдаудан қателескенін айтып, қыздарға кеңес берді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші бұл туралы Din Dina Show бағдарламасында сөз қозғады. 

Дина Төлепбергеннің "Өміріңдегі ең қиын тарау, ең ауыр кезең қайсысы?" деген сұрағына әнші тұрмысқа шыққан кезі екенін айтып берді. 

"Мен әйел адам болғандықтан, ең ауыр өмірлік сабағым отбасылық өмірде болды. Қыздарға "бақытты боламын десеңіздер, жар таңдаудан қателеспеңіздер" деп айтқым келеді", - деді Мөлдір Әуелбекова. 

Сұхбатта әншінің жар таңдауға қатысты кеңестері де айтылды.

"Ең бірінші өзіңнің жүрегіңді тыңдау керек. Елдің пікірін, қыспағын елемеу керек. Мен отызға келіп тұрмысқа шыққаннан кейін менде қысым көп болды. Бәрі "қашан тұрмысқа шығасың?" деп сұрайтын. "Қашан, қашан, қашан" деген сұрақтан құтылу үшін тұрмысқа шығып кеттім", - деді әнші ішкі сырын ақтарып. 

Мөлдір Әуелбекова сырттан келетін ақыл-кеңеске құлақ асуға болатынын, алайда шешім қабылдарда жүректің үнін тыңдау керегін басып айтты.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары