11.11.2024, 16:00

«Інілік ізет көрсеткен жаман болмайды»: Мақпал Жүнісова әнші Бүркітке риза болды (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Көп рақмет, көңіл деген осы ғой.

Халық әртісі Мақпал Жүнісова әнші Бүркітке алғыс айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шоу-бизнес өкілі әріптес-әпкесінің кафедегі есебін жауып берген көрінеді.

«Кешегі кеште Мерей екеуміз үйге керек заттарды алу үшін сауда орталығына бардық. Ол жерде біздің туғандар да қыдырып жүр екен. Содан ішіндегі бір кафеге отырып, кешкі ас ішіп, енді ақшасын төлейін десем «Бүркіт аға сіз үшін төлеп қойды» дейді. Көп рақмет, көңіл деген осы ғой. Отбасыңда әрдайым тек қуаныш, береке бола берсін. Ата-анаң аман болып, ғасыр тойын тойлауға Алла нәсіп етсін. 94 мыңға сауда жасаған едік», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары қос өнерпаздың татулығына тамсанып, түрлі пікір жазып жатыр.

«Сізді сыйлайтын жандар көп», «Бүркіт пен Аишаның отбасына береке берсін», «Үлкендерге жасалған құрмет, еселеніп қайтсын», «Інілік ізет көрсеткеннен жаман болмайды» деп жазды көпшілік.