11.11.2024, 17:20

«Екеуміздің меңімізге дейін ұқсайды»: Сабина Мовлаева атышулы видеодағы қыздың кім екенін айтты

Фото: подкастан скрин

Есімі – Бота. Эскорт қызмет көрсетеді екен.

Танымал блогер Сабина Мовлаева атышулы видеоға қатысты ойын бөлісіп, өзіне ұқсайтын қызы тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желі жұлдызы Аман Тасығанға сұхбат беріп, бейтаныс арудың жеке мәліметтерін білгенін айтты. 

“Ол да қазақтың қызы. Есімі – Бота. Эскорт қызмет көрсетеді екен. Екеуміздің меңімізге дейін ұқсайды. Бірақ экспертиза құлағымыздың формасы ұқсамайтынын растады. Жігіті таратып жіберген-ау деп ойлаймын. Өйткені порнофильм болса ол өте сапалы түсірілер еді. Ол жерде кәдімгі қарапайым ұялы телефонмен түсірген. Ол қыз да осындай шуға айналып кететінін білген жоқ. Жігітінің сөзіне алданып қалған болуы мүмкін. Халық “Сабинаға ұқсайды екен” деп таратып жіберді. Бірақ мен қызбен жолықпадым. Жолыққым да келмейтін сияқты. Бәрін заң жүзінде шешкім келеді. Ең қиыны – видеоны түсірген адамды табу. Түпнұсқа сол кісінің ғана қолында. Қазір іздеу жұмыстары жүріп жатыр”, – деді блогер.

Сонымен қатар желі жұлдызы қызының әкесімен ажырасқалы жүрегінің бос екенін жасырмады.