13.11.2024, 16:00

«Жылдың ең үздік тойы болады»: Ерке Есмахан алдағы жоспарын жайып салды

Фото: instagram.com/erkeesmahan

Қарашаның 23-і Исламның туған күні, ал 30-ы менің туған күнім болады.

Әнші Ерке Есмахан туған күні қарсаңында отбасына қатысты маңызды жаңалығын жария етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол өзінің және ұлының туған күнін тойламайтынын айтты. Өнерлі жұп отбасылық қуаныштарын біріктіріп, келесі жылы жазда үлкен той жасайтындарын мәлім етті.

«Қарашаның 23-і Исламның туған күні, ал 30-ы менің туған күнім болады. Екі туған күнді де тойламаймыз. Өзіміз үйде боламыз. Алла бұйырса, бәрін қосып, жазда үлкен той жасаймыз деп отырмыз. Туған күндер, қоныстой, тұсаукесер, сүндет той, бәрі бұйырса жазда болады. Жылдың ең үздік тойы болады», – деп жазды Ерке Есмахан.