Әнші Францияның экс-президенті Николя Саркози мен оның келіншегі Карла Брунимен де амандасты.
Әлеуметтік желіде Димаш Құдайберген мен Франция президенті Эммануэль Макронның кездескен сәтінде түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Instagram-да қазақ делегациясы құрамында Эммануэль Макронның қабылдауында болған Димаш Құдайбергеннің видеосы жарияланды.
Видеода әншінің алдымен Францияның бірінші ханымымен амандасқан сәті байқалады. Онда Брижит Макронның өнер иесін құшақтап, бетінен сүйгені көрінеді. Одан кейін Димаш Құдайберген Эммануэль Макронмен қол алысып, сөйлескен. Артынша әнші Францияның экс-президенті Николя Саркози мен оның келіншегі Карла Брунимен де амандасты.
Видеоның соңында кешке жиналған көпшіліктің қазақ әртісіне қол шапалақтап, ерекше құрмет көрсеткенін анық байқалып тұр. Димаш та өзіне құрмет көрсеткен, өнерін жоғары бағалаған беделді тұлғаларға басын иіп, алғысын білдірді.