$ 493.85  519.04  4.97

«Әнші болғаны кездейсоқтық емес»: Айгүл Иманбаева енесін көпшілікке таныстырды (ВИДЕО)

Құдайдың құдіретіне шек жоқ қой. 

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева желіде алғаш рет енесімен бірге түскен видеосын жариялап, елді таңғалдырды. Өнер иесі көпшілікке жолдасының анасы кім екенін айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айгүл Иманбаева енесі туралы Instagram-дағы парақшасында айтты. Эстрада жұлдызы жолдасының анасы да өнерден алыс емес екенін жеткізді. Өнер иесінің енесі "Айгүл" вокалды-аспапты ансамблінің құрамындағы әнші Ақжан Жайсанбаева болып шықты.

"Екі күн болды Алматыдан енем келіп, өзімнің келіндік міндетімді атқарып жатырмын. Құдайдың құдіретіне шек жоқ қой. Мамам 1968 жылы Қыздар мемлекеттік педагогикалық институтының жанынан ашылған "Айгүл" вокалды-аспапты ансамблінің құрамында әнші болған Ақжан Жайсанбаева. Қазір жасы 76 да. Мен өмірге келген жылдары ансамбльдің дүркіреп жатқан кезі екен. Содан менің мамамның құрбысы менің атымды сол ансамбльдің құрметіне Айгүл деп қойған екен. Тағдыр жолымда араға қаншама жыл салып, өмірлік жартымның анасы "Айгүл" ансамблінде әнші болғандығы кезедейсоқтық еместігі анық. Қадірлеймін. Ал бүгін менде "Хабар" арнасында таңғы эфир болды. Ал мамамды "Абай" арнасы "Айгүл" ансамблінің құрамымен түсірілімге Алматыдан алдырады.Таңертен екеуімізде әртіс болып айнаның алдында жиналғанымыз тіпті қызық болды. Шын сұрасаң жаратқан өз адамыңды кездестіреді. Басқа адамға шын жүрегіңмен тілекші болсаң,ол өзіңе мың есе жақсы нәрсе болып қайтады", - деп жазды Иманбаева. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары