Алдыңызда әлі де бала болып, еркелеп жүрміз.
Қазақ эстрадасының жұлдызы Мақпал Жүнісова желіде анасын туған күнімен құттықтап, оған жүрекжарды тілегін жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында әсерлі жаз арнап, анасын туған күнімен ерекше құттықтадвы. Өнер иесі 12 перзентті дүниеге әкелген анасына деген махаббатын жеткізіп, оған әлі күнге дейін бала секілді еркелеп жүргенін айтты.
"Аллаға мың шүкірлер, бүгін ардақты анамыздың туған күні. Өмірге 12 құрсақ әкелген батыр анамызға бас иеміз. Қазір немерелер, шөберелер сүйіп отыр. Алла қолдап жүзге жеткеніңізді армандаймыз. Бізге тілеу тілеп, еш жамандыққа қимайтын аналарымыз төрімізде отырсын. Әлі де бала болып, еркелеп жүрміз. Аман болыңыз, анашым", - деп жазды Мақпал Жүнісова.
Құттықтаулар легін желі қолданушылары жалғастырып кетті.