Қандай керемет!
Әлеуметтік желіде қазақтың әнұранын жатқа айтқан Ресей азаматтары жұртты сүйсінтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бейнежазбаны әлеуметтік желіге әнші Қыдырәлі Болман жүктеді.
“Әнұранымызды бір қазақ жоқ жерде, өздігінен айтқан шетелдіктерге қалай разы болмайсың?! Жүрегімді елжіреткен бұл видеоны телефоныма сақтап қойдым. Өздеріңізбен де бөлісіп қояйын. Тыңдап отырып көзіңе еріксіз жас келеді”, - деп жазды әнші.
Әншінің оқырмандары жазба астына түрлі пікірлер жазып, шетелдіктерге алғыс білдіруде.