Өнер иесі Шымкент қаласындағы ең қымбат мейрамханаға өнердегі әріптестерінің басын қосты.
Отандық шоу-бизнес жұлдызы, әнші Заттыбек Көпбосынұлы 50 жасын тойлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі Шымкент қаласындағы ең қымбат мейрамханаға өнердегі әріптестерінің басын қосты.
“Кеше қазақ өзі ардақтап, еркелеткен Заттыбек ағамыз елуге келген тойын атап өтті. Үлкен сахна да, перзент те ағамызға кештеу бұйырды. Бірақ, сынаққа дес бермей, сабырмен жеңе білген соң да басындағы бағы баянды болған шығар?! Бихан ұлы әкесіне арнап ән шырқап, ағаның өзі қызы Айзеремен ән салды!
Бір тойда үш ақбоз ат мініп, ағайын мен дос-туыстың арасында шалқып жүрді.
Қарындасы ретінде адамдығын асқақ ұстап жүрген алтын ағамыз үшін қуандық. Бірге шаттандық. Алматыда есеп беру кешін өткізеді. Алла қуат берсін!
Өмірдің бақытын біздің буын енді ғана сезініп жатырмыз ғой, қалған ғұмыр тек қуанышқа толы болсын!, – деп жазды әнші.