$ 495.2  522.34  4.94

«Уын шашып, лас сөз жазады»: Ерке Есмахан іштей тынып жүргенін айтты

Неше түрлі адам болады. Біліп жүріңіздер!

фото: @erke_esmahan
фото: @erke_esmahan

Танымал әнші Ерке Есмахан желіде өзіне жағымсыз пікір жазған оқырманға жауап беріп, көпшілікке үндеу жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шоу-бизнес өкілі ауыр сөз жазған оқырман әйелдің парақшасын жариялады.

“Ұйықтар алдында әлеуметтік желіні қарап отырып, бір видеодан өзім туралы мынандай пікірді оқып қалдым. Кім түсіндіріп бере алады маған? Не мағына береді? Ең әдемі қазақ қызы міне. Жақсы-ақ адам сияқты. Өзі ғана сондай ма екен? Әлде құрбылары да сондай ма екен? Қысқасы, сөз жоқ. Тек сіздермен бөлісіп қояйын дегенмін ғой. Неше түрлі адам болады. Біліп жүріңіздер”, – деп жағымсыз пікір жазған оқырманының фотосын жариялады.

Одан кейін әнші мұндай ауыр сөздер көңіліне тиетінін айтты.

“Менде жүрек жоқ деп ойлап, сонша мені көре алмай, ішіндегі уларын шашып, лас сөздерді айтатын адамдарды Аллаға тапсырдым. Әр қиындықты, ауыр сөзді, мазақты күліп қарсы алып, сабырлықпен жеңгеніммен іштей суып, тынып жүретінімді біле жүріңіздер", – деп жазды әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 2
Күлкілі 7
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары