Өз жасыңа сай болып жүрген жақсы ғой...
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, әнші Мадина Сәдуақасованың Айқын мен Жұлдыздың тойындағы қылығы оқырмандарының ашуына тиді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Айқын мен Жұлдыздың үйлену тойында тағы конкурсқа қатыстым. Бірақ Балжанның туған күніндегі конкурстан кейін, ешқантай ойынға қатыспаймын, тек сырттай бақылап тұрамын деп уәде берген едім. Сөзімде тұра алмадым», - деді әнші.
Өнер иесі той үстінде асабаның айтқанын қайталап, ән айтып берді. Алайда оның әрекеті оқырмандарына жасанды болып көрініп, желі қолданушыларын ашуландырды.
«Әнші деген атыңа сай болсай. Мадина өзіне көп ала береді, ырбиып кетті. Салмақты болуды үйрену керек», - деп жазды желі қолданушылары.
Алайда оқырмандар арасынан әншіні қолдаушылар да табылды.