$ 524.58  551.91  4.93

«Талай ренжіттім»: Айгүл Иманбаева анасы туралы айтып, көпшілікті жылатты

Достар, аналарыңыздың көзі тірісінде ренжітпеңіздер, ауыр сөз айтпаңыздар, ақыл да айтпаңыздар! 

Фото: https://www.instagram.com/aigul_imanbayeva/
Фото: https://www.instagram.com/aigul_imanbayeva/

ҚР мәдениет қайраткері, әнші Айгүл Иманбаева анасына арнап жазба жариялап, көпшілікті жылатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі бала күнінде нағашыларының қолында өскенін айтты. 

"Менің анашым – тәтем. Ана туралы әңгіме болғанда, жүрегі елжіремей сөйлей алатын жан жоқ шығар?! Анамды “тәтем” деп атаймын. Кішкентайымыздан анашымның бауыры, інісі бізге солай айтыңдар деген. Тәтем өте еңбекқор, шыншыл, мінезі тік, тазалыққа тастай, өзі өмір бойы есепші болып үкіметте жұмыс істеген. Көзі ашық, көкірегі ояу, өзіне де, бізге де қойған талабы жоғары, кезінде адуынды айел болды. Үйде үш баламыз, үшеуімізге де екі жоғары оқуды оқытып, алдымызға мақсат қоюды үйреткен. Талай жетістігіммен қуанттым. Жастықпен талай ренжіттім. Ал қазір жасы ұлғайған сайын көз алдымда кішкентай балаға айналып барады. Жүрегім ауырады. Қолымнан келгенше көбірек қуантуға, еш ренжітпеуге тырысамын. Барынша батасын алып, мүмкіндігінше көбірек қасында боламын”, – деп жан сырын ақтарды әнші. 

Сондай-ақ өнер иесі оқырмандарына үндеу жасап, ананы құрметтеуге шақырды. 

“Тәтем менің – мотиваторым! Биік қорғаным! Тағынатын тұмарым!Тірелетін тірегім! Достар, аналарыңыздың көзі тірісінде ренжітпеңіздер, ауыр сөз айтпаңыздар, ақыл да айтпаңыздар! Батасын көбірек алып, көбірек қуантыңыздар! Оларға зәулім сарай да, байлық та керек емес. Тек жылы сөз бен мейірім ғана керек. Күніне тым болмағанда бір рет телефон шалып жағдайын сұраңыз. Ертең жағдайын сұрайтын анаң болмай қалса, кімге еркелейсің?! Даусына зар боларсың”, – деп жазды өнер иесі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары