Сонымен қатар продюсер сұхбат барысында әр жұма сайын біз үйде дастархан жайып, ата-бабаларымызды еске алып, бауырсақ, шелпек пісіріп, иіс шығарып, әруақтардың рухына бағыштайтынын айтты.
Танымал продюсер Баян Алагөзова екі қызын болашақта қазақ мектебіне бермек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол “Dina show” бағдарламасына берген сұхбатында екі айлық Алиса және Алма есімді қыздарын қазақ мектебіне беретінін айтты.
Продюсер Дина Төлепбергеннің “Қазіргі таңда әр жұма сайын балалар мектепке қазақы нақыштағы киім киіп барады. Бұл бастаманы қолдайсыз ба?” деген сұрағына жауап берді.
”Әрине, балалардың мектепке қазақы нақыштағы киім кигенін қолдаймын. Мен 7 жылдан кейін міндетті түрде қыздарымды қазақ мектебіне беремін. Үлкен қыздарымды қазақ сыныбына бергенмін. Бірақ кішкентай қыздарымды таза қазақ мектебіне беремін”, — дейді ол.
Сонымен қатар продюсер сұхбат барысында әр жұма сайын біз үйде дастархан жайып, ата-бабаларымызды еске алып, бауырсақ, шелпек пісіріп, иіс шығарып, әруақтардың рухына бағыштайтынын айтты.