22.11.2024, 15:20

«Әбден тойлады, сорлы»: Мақпал Жүнісова «мас болып» ел алдына шыққаны туралы мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/zhunusova.makpal/

«Кешірім сұрайтындай мен ешкімнің басын жарған жоқпын».

Қазақстанның Халық әртісі, елдің сүйікті әншісі Мақпал Жүнісова ел алдына мас болып шыққан видеосына қатысты алғаш рет ойын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Халық әртісі алғаш рет бұл оқиға туралы тележүргізуші Дина Төлепбергеннің «Din Din Show» бағдарламасында айтты.

«Кешірім сұрайтындай мен ешкімнің басын жарған жоқпын. Өздеріңіз ушықтырып алып кеттіңіздер, шетелдерден тіпті, таныстарым хабарласты. Мен ондайға үйренгенмін. Содан кейін талай жерге барып ән айтып келдік қой, халық бір ауыз сөз айтқан жоқ. Құшақтап, сүйіп керісінше… Сондықтан дұшпандарға да бір мереке сыйлап тұру керек анда-санда. Әбден тойлады енді, ауыздарына келгенін айтты. Жақсылап тұрып мені, ой осы сорлы деп тұрып, неше түрліні айтты. Енді айтсын. Ешкімді қарғағым да келмейді, ешкімге: «Ей, ауыздарыңды жабыңдар, аналарыңды алыңдар» деп те айтпаймын. Жастанып жатыңдар, жастықтарыңның астына сол видеоларыңды қойып алып. Бақытты болатын шығарсыздар мүмкін», — деді әнші.