22.11.2024, 16:00

Танымал актриса декреттегі аналарды «сорлы» дейтін еркектерге қарсы шықты (ВИДЕО)

Фото: akerke_aryss инстаграм парақшасынан

Соны естіген әйелдің ойы бұзылады, көп ажырасудың да себебі осы.

Танымал актриса әрі блогер Ақерке Арыс үйде отырып, балаға бағып отырған қыз-келіншектерді «сорлы» деп атайтын азаматтарға қарсы шықты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желі жұлдызының пайымдауынша, бала қарап, үйді таза ұстау — үлкен өнер.

«Сорлыға теңеуді қойыңдаршы! Үйде отырған аналарды ананы, мынаны істемейсің бе деп… Декретте отырған аналарға әсіресе, бүкіл адам бірдей емес қой? Әйелдер үйде отыратын әйел, сыртта жұмыс істейтін әйел болып бөлінеді өзі. Біреулерге үйде отырған, тамақ істеп, тыныш отырған ұнайды. Соларды бала туғанда сен түк істемейсің деп, ана болудың құндылығын жоққа шығарып жібересіздер. Соны естіген әйелдің ойы бұзылады, көп ажырасудың да себебі осы. Мен сорлап жүр екенмін ғой деген нәрсе, адамның миына «у» әкеледі. Балаға қарау, үйді таза ұстау — үлкен өнер», — деп жазды ол желідегі парақшасында.