25.11.2024, 12:20

«Жасырынып ішіп, шегесіңдер»: Журналист Мұрат Әбділданы алқаш деген «әншісымақтарды» сынады

Коллаж: Sn.kz

Сендер де сахнаға фонограммамен шығып жүрсіңдер. Біз бірдеңе дедік пе? Жасырынып ішкендеріңді де, шеккендеріңді де көрдік. 

Танымал журналист Бибігүл Дәулетбек Мұрат Әбділданы "алқаш, оған сахнадан орын жоқ" деген әншілерге үндеу жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол Әбілданы өнер иелерін Мұрат Әбілданы қараламауға шақырды.

«Бізде қазақта бір жаман әдет бар. Егер ол бір қателік жасаса, оны адам ретінде ортаға қосқысы келмейді. Дамыған мемлекетте мүлдем басқаша. Сүріндің бе? Демейді. «Бұл Мұрат отырып шықты, алқаш. Оның орны — сахна емес» деген әншісымақтарға айтарым: Сендер де сахнаға фонограммамен шығып жүрсіңдер. Біз бірдеңе дедік пе? Жасырынып ішкендеріңді де, шеккендеріңді де көрдік. Халық өзі біледі кімді таңдайтынын. Олар шаршады екіжүзділіктен. Халыққа шынайылылық ұнап барады. Оған сендер енді ештеңе жасай алмайсыңдар! Сондықтан да қазақтың бір баласын батпаққа итеретіндей сендерге Халық рұқсат бермеді!», — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.