Қызыл және көк формадағы суретін қойсақ болды деген шығар.
Динара Сәтжан The DS’ Show бағдарламасына боксшы Айбек және Нұрбек Оралбайларды шақырып, сұхбаттасқан еді. Осы тұста қырағы көрермен тележүргізушінің сурет таңдауда қателескенін байқап қойған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Youtube платформасына шыққан сұхбаттың бас бетінде Нұрбек пен Айбектің суреті емес, екі Айбектің суреті тұр. Мұны байқаған желі қолданушылары қалай шатастыруға болатынын жарыса жазып жатыр.
«Қызыл және көк формадағы суретін қойсақ болды деген шығар», «Бұл да буллингтің түрі ме?», «Кім біліп жатыр деген ғой», «Қалай шатастырып жүр?», «Ажыратудың несі қиын? Оп-оңай ғой», «Мына сұхбатты көрмей жатып күліп алдым», — деп жазды олар.