Өнер иесі ұлының 1 жасқа толуын атап өтіп, жақсы жаңалығын бөлісті.
Белгілі блогер Дина Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында екінші рет жүкті екенін жариялап, отбасылық суреттерін жүктеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі ұлының 1 жасқа толуын атап өтіп, жақсы жаңалығын бөлісті.
“Ерманби 1 жас. Алланың бергеніне, осы күнге жеткізіп көруді нәсіп еткеніне сансыз шүкірлер мен мадақтар! Бүгін оригинал Ерманби баламыз 1 жасқа толып жатыр. Саған деген махаббатым барлық тілегім менің аналық жүрегімде, менің дұғаларымда құлыным. Қуанышпен бөліссе көбейеді демекші, бізге шын тілектес, ниеттес жандар сіздерге де жұғысты болсын! Суретті соңына дейін көріп шыққан болсаңыз жәй ғана МашаАлла деп кетіңіз", – деп жазды блогер.