Одан кейін әнші Сембек Жұмағалиев те естелігін бөлісіп, халықты күлдірді.
Көпшілік сүйіп тыңдайтын “Ғашықтар әнінің” орындаушысы Мақпал Жүнісова әріптесі Сембек Жұмағалиевке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке cілтеме жасап.
Өнер иесі “Гүлдер” ансамблінде жүргенде танысқан көрінеді.
“Менен 10 жас үлкен деп “аға” деуші едім, ақыры 20 жас үлкен ағаң қағып алды ғой”, – деп әзілдеді халық әртісі.
Одан кейін әнші Сембек Жұмағалиев те естелігін бөлісіп, халықты күлдірді.
“Мен өзім Атырау жақтың тумасымын. Осы дуэттен кейін ауылдың кемпірлері “Мақпал – біздің келін” деп жүрді. Біздің жолымызды тоғыстырған осы ән десек қателеспейміз. Шығармашылық байланыс орнаттық. Бір жолы Мақпал: “Менің жігітім бар, Сембектің қызы бар” деп ағынан жарылды. Қанша жыл өтсе де, әлі күнге дейін ескірмейді”, – деді өнер иесі.