26.11.2024, 17:40

«10 жас үлкен деп едім, 20 жас үлкен ағаң қағып алды»: Мақпал Жүнісова Сембек Жұмағалиевпен танысқан сәтін есіне алды

Фото: Видеодан алынған кадр

Одан кейін әнші Сембек Жұмағалиев те естелігін бөлісіп, халықты күлдірді. 

Көпшілік сүйіп тыңдайтын “Ғашықтар әнінің” орындаушысы Мақпал Жүнісова әріптесі Сембек Жұмағалиевке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке cілтеме жасап.

Өнер иесі “Гүлдер” ансамблінде жүргенде танысқан көрінеді. 

“Менен 10 жас үлкен деп “аға” деуші едім, ақыры 20 жас үлкен ағаң қағып алды ғой”, – деп әзілдеді халық әртісі. 

Одан кейін әнші Сембек Жұмағалиев те естелігін бөлісіп, халықты күлдірді. 

“Мен өзім Атырау жақтың тумасымын. Осы дуэттен кейін ауылдың кемпірлері “Мақпал – біздің келін” деп жүрді. Біздің жолымызды тоғыстырған осы ән десек қателеспейміз. Шығармашылық байланыс орнаттық. Бір жолы Мақпал: “Менің жігітім бар, Сембектің қызы бар” деп ағынан жарылды. Қанша жыл өтсе де, әлі күнге дейін ескірмейді”, – деді өнер иесі.