26.11.2024, 19:00

«Онға жеткіземіз деп ойлаймын»: Әзілкеш Жанатбек Бәйтеков көпбалалы әке болғысы келетінін айтты

Фото: stan.kz

Келіншегімнің әжесі 10 құрсақ көтерген, менің анам бес бала өмірге әкелген.

Белгілі актер Жанатбек Бәйтеков отбасы жайлы сыр шертті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Актер қазірдің өзінде көп балалы әке. Өзіне 7 бала сыйлаған келіншегіне үйленген кезінде қандай уәде бергенін айтты.

«Үйленген кезімізде «әлемді көрсетемін» деп уәде бергенмін. Оған дейін «Қазақстанды аралатамын» дегенмін. Қазір жұбайыма берген уәдемді орындап жатырмын. Оның көңіл-күйі жақсы болса, ер адамның ісі ілгері басады. Соған көзім жетті. Келіншегімнің әжесі 10 құрсақ көтерген, менің анам бес бала өмірге әкелген. Келіншегім де солай онға жеткіземін деген еді. Қазір 7 баламыз бар. Үлкен балам 16-да, кішісі 2-де», - деді актер.