$ 498.55  524.28  4.75

«Маған да бұйырды»: Ақбота-Нұр жеке өміріндегі жаңалығымен бөлісті

Одан кейін эстрада жұлдызы АҚШ еліне аттанып, өнерімен бағындыратынын айтты.

Фото: instagram.com/akbotanurabaykyzy
Фото: instagram.com/akbotanurabaykyzy

Танымал әнші, блогер Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова жеке өміріне қатысты сыр шертті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Айта кетейік, өнер иесі актер Дәурен Айдарқұловпен шаңырақ көтеріп, екі баласымен ажырасып кеткен еді. 

“Ақ көйлек кию маған да бұйырды. Аллаға сансыз шүкір деп айтатын күнде алыс емес. Жақсы күн жақындап қалған сияқты, жақсыларым. Тәтті пікірлеріңіз болса, мархабат”, – деп жазды әнші. 

Одан кейін эстрада жұлдызы АҚШ еліне аттанып, өнерімен бағындыратынын айтты.

“Армандар орындалады! Жаратқанға тәуекел етіп, аманаттай отырып әрекет ете берсең, нәтижелер толассыз келе береді екен. Сол нәтиженің бірі, менің қуанышыма бұйырыпты. Америкаға жол ашылды. Қазақ елім, сіздерден сүйінші сұрайтын күндерімнің көп екенін білемін. Соның бірін бөлісіп жатырмын. Қыздарыңыз өнерімен әлемге жол салмақ”, – деді өнер иесі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 25
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары