28.11.2024, 16:40

«Актрисалық жолмен кетті»: Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімова туралы айтты

Фото: әлеуметтік желі

Тойға да шығардық. Шетелде “Маралым” деген әніне клип түсірдік.

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдызды таныту үшін қандай іс-шара ұйымдастырғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі “Неге отбасылық концерт бермейсіздер?!” деген сұрағына кеңінен жауап берді. 

“Оларды баяғыда жасап тастадым емес пе?! Менен идея қалған емес. Жұлдызды сіздермен таныстыру үшін, Қайратпен қосып дуэттер жаздырдым. Сол кезде отбасылық концерт жасап, бүкіл қаланы аралап келдік. Тойға да шығардық. Шетелде “Маралым” деген әніне клип түсірдік. Одан кейін “Махаббатым менің” деген әнге түсірдім. Үйленбей тұрғандарында “Арман” әніне түсірдім. Артынан киноға түсірдім. Өзіне актрисалық жақын болған соң сол жолмен кетті. Интернетті бір шолып қарасаңыз бәріне куә боласыз. Бала-шағаларын түгел қосып жасаған концертті де көресіз”, – деп жауап берді Гүлзира.

Одан кейін “Қайраттың халыққа еңбегі сіңген жоқ” деп сынаған оқырманын да орнына қойды. 

“Қызғаныштан ұйқыңнан айрылмашы. Қайраттың орнында неге сен не болмаса сенің балаң емес. Сен осынша халық жинай аласың ба? Адамға шашы ағарғанша сана бермеген соң, болмайтын адам болмайды екен ғой. Осы ниетіңе қарай саған құдай не берсін”, – деп ашуланды продюсер.