29.11.2024, 12:20

«Түкіргенім бар»: Халық ресейлік әншінің Алматыда өтетін концертіне бойкот жариялады (ВИДЕО)

Фото: әншінің Instagram парақшасынан

Қазақстанға кіргізбесін! Түкіре қарамайтын жерінде қалсын!

Халық танымал ресейлік әнші Ольга Серябкинаның Алматыда өтетін концертіне қарсы байкот жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Не үшін? Өйткені жуырда әншінің желіде тараған видеосында Қазақстан туралы кемсіту сөздері айтылған.

Ольға Серябкина бұл сөзді "контекстен қиып алынған" деп ақталғанымен, қазақстандық желі қолданушылары мұны "қорлау" деп қабылдады. Сол себепті көпшілік оның Алматыдағы концертінен бас тартуды талап етті.

"Онда не бар? Қазақстан? Қазақ еліне түкіргенім бар", - дейді ол видеода.

 Көпшілік “не десе де, ойындағысын анық естідік” деп әншіні жақтырмай қалды. 

"Сөздері кесілген бе, кесілмеген бе, бәрібір оның дәл осы сөзді айтқанын естіп отырмыз. Соның өзі жеткілікті. Кешірім сұрағаны қажет емес. Қазақстанға кіргізбесін! Түкіре қарамайтын жерінде қалсын", - деп жазды желі қолданушысы.

Ал желідегілердің басым бөлігі концертке бойкот жариялау идеясын қолдады.

Еске салсақ, видео Алматыдағы ресейлік әйелдің концерті қарсаңында пайда болған. Ол 29 қарашада сағат 23:00-де мегаполис клубтарының бірінде өнер көрсетуі керек болған. Оның орындауындағы билеттер қыздар үшін 5 мың теңге, ерлер үшін 15 мың теңгеге қойылған.