Ұйым жалпы саны 421 орындаушыға “іздеу” жариялаған.
“Қазақстан авторлары қоғамы” (ҚазАҚ) өкілдері ұйымның сайтында жарияланған “іздеудегі әртістер тізіміне” қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Ұйымның сайтында “iздеудегі авторлар тізімі” жарияланған. Тізімде Әли Оқапов, Димаш Құдайберген, Дархан Джуз, Иманбек, Қайрат Нұртас, Raim & Artur, RinGo, Sadraddin, Say Mo, Son Pascal, M'Dee, V $ X V PRiNCE, Ғалымжан Молданазар сияқты танымал тұлғалар бар.
Ұйым жалпы саны 421 орындаушыға “іздеу” жариялаған.
Белгілі болғандай, тізімде ҚазАҚ ұйымы туындыларын пайдаланғаны үшін ақы төлеуі тиіс өнер адамдары көрсетілген. Өнер адамдары осы тізімнен өздерін тауып, ҚазАҚ-қа хабарласуы керек.
"Біз барлық жерде оларды іздеуге міндеттіміз деп айтамыз, қоңырау шаламыз. Бұл адамдар сайтта ілініп тұр. Неліктен ол адам өзі қаламақысының қайда екенін іздемейді? Келіңіздер, біз барлық авторлардың қаламақысын төлеуге дайынбыз. Кейбір авторлық құқық иелері "Мен ақша алмаймын, ешқашан алған емеспін" дейді. Сіздің реквизиттеріңіздің қандай екенін біз қайдан білеміз?
Қазақстандағы өнерде, музыкада, виртуалды салада өнермен айналысатын бүкіл жас буынның директорлары, менеджерлері бар. Солар жұмыс істеуі керек. Авторлық және сабақтас құқықтардың не екенін, авторлық сыйақы қай жерде екенін білулері қажет. Олар бізге кез келген уақытта хабарласа алады, біз ашық ұйым ретінде ақшаны төлейміз. 5, 10 жылдың барлық ақшасы қазақстандық авторлар қоғамында жатыр", – дейді ҚазАҚ ұйымы бас директорының орынбасары Әнуар Ерсұлтан.
Әділет министрлігінің сайтында ҚазАҚ ұйымының авторлардың туындысының тек көпшілік алдында орындалғаны немесе кабель арқылы және эфирде жарияланғаны үшін сыйақы алу құқықтарын жүзеге асыру бойынша аккредиттелгені көрсетілген.
Журналистер ұйым өкілдерінен тиісті аккредитациясыз Meta-мен келіссөздер жүргізіп, авторлардың туындыларын сандық сегментте пайдалану үшін қаражат жинай алатынын сұрады.
Ұйым өкілдері авторлық құқықты қорғауға қажетті құжаттар мен өкілеттіктердің барлығына ие екеніндерін мәлімдеді.
"Бізде сандық сегментте, авторлық құқықты қорғау бойынша кез келген сегментте аккредитация бар", - деді Қазақстан авторлар қоғамының бас директоры Айнұр Есендікова.