$ 511.22  540.05  4.73

«Күйеуді өзіңнен артық жақсы көру керек»: Тамара Асардың пікірі елді шулатты (ВИДЕО)

Өзің-ақ сүйіп жүре берші, елге ақыл айтпай.

Фото: instagram.com/tamaraasar
Фото: instagram.com/tamaraasar

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Тамара Асар ер адамдардың қандай болу керектігін айтып, елдің сынының астында қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші Дина Төлепбергеннің «Din Dina show» бағдарламасына қонақ болған. 

«Ер адам болу іш пыстырады. Себебі ол тамақ пісірмейді, себебі пісіретіндер бар. Ер адам не істеу керек? Ер адам ақша табуы керек. Ер адам жауға шабуы керек. Жауды қайдан табасың, бейбіт күнде? Кіммен барып соғысасың? Өзінің табиғатында қан көру керек. 

Ол қазір басқа формаға айналып бара жатыр. Себебі өзінің табиғатынан алыстап кетті. Ал алыстаған кезде ол жалғызсырайды, ол жылағыш болады. Ол бала кейпіне түсіп кетеді. Ер адам еркіндікпен әйелінің қасында болуы керек. Жауға жаппаған ер адамды әйелі артығырақ сүюі керек. Сонда ол ер адамның табиғатынан алыстамайды. Сүю керекпін, сүйемін де», — деді ол. 

Алайда әлеуметтік желідегі оқырмандары әншінің айтқанымен келіспейтінін айтып, біраз сынап тастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 19
Ұнамайды 4
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары