Бұл жерде тіптен саясат жоқ.
Танымал әнші Мақпал Жүнісова осыдан 30 жыл бұрын түсіріліп, жарыққа шықпай қалған өзі туралы фильм туралы айты. Оның айтуынша, кинода күйеуі Заманбек Нұрқаділов болғандықтан туындыны ешбір арна қабылдамаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында аталмыш фильмнен үзіндіні жариялап, жақын арада оның толық нұсқасын көпшілікке ұсынатынын хабарлады. Бейнежазбада Мақпал Жүнісованың ауылда сиыр сауып жүргенін көруге болады. Әнші туған ауылына барып, балалық шағы өткен жерімен таныстырған.
"Ты моя мелодия" деген фильм еді. Ішінде Зәкең болғасын еш арна қабылдамады. Архивте шаң басып жатыр. Бұл жерде тіптен саясат жоқ. Енді 11 қаңтар менің туған күнімде YouTube-қа салынады. Бір сағаттық кино. Маған Жанар деген жанкүйерім жіберіпті. Архивтің көкесі осы қызымда", - деп жазды Жүнісова желідегі парақшасында.