Әжесі Роза, нағашы апасы Роза, Раузаға Розалардың бағын берсін дедік!
Халық әртісі Роза Рымбаева өнердегі сіңілісі Роза Әлқожаның қуанышын бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Танымал әнші Роза Әлқожа бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында бейне жариялады. Бейнеде қазақ сахнасының патшайымы Роза Қуанышқызы әншінің немересінің тұсауын кесіп жатты.
"Бүгін қазақ сахнасының ән падишасы Роза Қуанышқызы үйімізге келіп, Раузамыздың тұсауын кесіп берді. Әжесі Роза, нағашы апасы Роза, Раузаға Розалардың бағын берсін дедік! Уақыт тауып келгеніңізге рахмет!", - деді әнші Роза Әлқожа.