03.12.2024, 10:40

«Сырттан келген адам»: Тамара Асар қыз ұзататын әншілер туралы айтты (ВИДЕО)

Фото: видеодан кадр

Қазақтың қызын ұзататын әнші емес, қазақтың қызын ұзататын – екі жағында тұратын, қолтық сүйеген жеңгелері.

Қазақ эстрадасындағы белгілі әнші Тамара Асар журналист Дина Төлепбергенге берген сұқбатында "қызды кім ұзатуы керек" деген сұраққа жауап берді. Өнер иесі бұған қатысты ойын журналистің Youtube-тегі арнасында "Din Dina Show" жобасында айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Журналистің сөзінше, бізде қызды ұзататын әншіні тағдырына қарап таңдап жатады. Дина Төлепберген әншіге "қазақта қызды ұзататын адамды қалай таңдаған дұрыс?" деп сұрақ қойды.

"Қазақ – өте ырымшыл. Қазақтың қызын ұзататын әнші емес, қазақтың қызын ұзататын – екі жағында тұратын, қолтық сүйеген жеңгелері. Жеңгелері дұрыс болуы керек. Әнші тек сол жүрісіне байланысты ән орындайтын адам. Ол тек әнін орындап, екі қолын екі жеңгесіне беріп кетеді. Сондықтан қай әнші, қай әншінің әні ұнайды, соны ғана таңдау керек. Әншінің тағдырын емес", - дейді Тамара Асар.