06.12.2024, 13:40

«Проблемаңды ешкімге айтпа»: Сәкен Майғазиев тыңдармандарына ақыл айтты

Фото: instagram.com/saken_maigaziyev/

Олардың жартысына қызық болмаса, қалғаны қуануы мүмкін. 

Танымал әнші Сәкен Майғазиев қиналып жүрген адамдарға ақыл айта жөнелді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шоу-бизнес өкілі бөгде адамдарға қиналып жүргеніңді айтпауға кеңес берді.

“Шаршадым", "Мазам болмай жүр", "Түнімен ұйықтай алмай шықтым", "Проблемам бітпей кетті", деген сөздерді сөздік қорымыздан алып тастайық. Өйткені, біреудің басындағы ауыртпалықты біреу дәл сол адамдай сезіне алмайды. Ғалымдар зерттеулері мынадай статистикаға сүйене отырып, мынадай кеңес ұсыныпты: “Проблемаңды ешкімге айтпа. Олардың жартысына қызық болмаса, қалғаны қуануы мүмкін. Иван Тургенев: “Қандай қиындықта да күмәнсіз басыңды сүйейтін екі иық бар, екеуі де – өзіңдікі” деген екен”, – деп жазды әнші.